Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылдың 31 шілде 2021 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.


Жоғары қарай