Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшылығымен кеңес өткізді

2022 жылдың 17 мамыр 2022 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Кеңес барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.



Жоғары қарай