Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн өтетін отырысына қатысады

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертең, яғни, 27 мамыр күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматта өтетін 3 отырысына қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі»,-деп жазды баспасөз хатшысы.


Жоғары қарай