Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2021 жылдың 8 мамыр 2021 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.


Жоғары қарай