Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жобаларды келесі жылы жалғастыруды тапсырды

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлерді қолдау тетіктері – «Волонтерлер жылының» аяқталуымен бірге ұмытылмауы керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық мәселелермен қатар экологиялық туризмді белсенді түрде дамыту керек. Соның ішінде ерекше қорғалатын аумақта да. Ұлттық және мемлекеттік парктерді дамыту бойынша жоспарлардың талқылануына қоғам өкілдерін шақыру тәжірибесін енгізу керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, экологиялық мәселелердің күн тәртібінде волонтерлер ерекше маңызды рөлге ие.

«Менің бастамаммен жарияланған биылғы «Волонтерлер жылы» Қазақстанда еріктілердің қозғалысы қаншалықты қарқынды түрде дамып келе жатқанын көрсетті. Волонтерлік – көптеген адамдар үшін өмір салтына айналды. Шынында да мұқтаж адамдар көмек алды. Бұл бағыттағы жұмыс Волонтерлер жылы аяқталғаннан кейін тәмамдалып қалмауы керектігін ескертемін. Волонтерлік жобаларды жүзеге асыруды ары қарай жалғастыру және әртүрлі экологиялық мәселелердің шешімі үшін еріктілерді тарту міндетін тапсырамын», - деді Президент.


Жоғары қарай