Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жағымпаздыққа қарсымын

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 21:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір адамдардың, оның ішінде зиялы қауымның жағымпаздық әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жағымпаздарға қатысты айтар болсақ, мен оған қарсымын. Мен мүлдем басқа ортада тәрбиелендім. Мақтау, мадақтау деген атымен болған жоқ. Ондайды қолпаштау туралы әңгіме айтудың өзі артық шығар.. Олай ешқашан да болған емес. Дегенмен біздің зиялы қауымды өзгерту қиын. Олар - басқа жағдайда тәрбие алған жандар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбат барысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты орнына алуға қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы атауының өзгертуге қатысты түсінік берді .

Жоғары қарай