Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау іс-шараларын атады

2021 жылдың 8 желтоқсан 2021 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын салтанатты түрде табыстау іс-шарасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау іс-шараларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттік жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтіге айналды. Ол жас әрі мақсатшыл кәсіби маманға өзінің мемлекеттік басқару жүйесінде мүмкіндігін көрсетуге тағы бір мүмкіндік береді. Партиялық сайлау тізімінде 30 пайыздық квота жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдерін арттырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет тарапынан жастарға қандай қолдау көрсетілетіндігін де атап өтті.

«Жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнаулы жобалар жүзеге асырылуда. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен жастарға мемлекеттік сыйлық берілуде. Бүгінгі іс-шара сіздердің бастамаларыңызды және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға тың серпін беретіндігіне кәміл сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай