Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілісте сөйлеген сөзін 30 телеарна мен радио таратты

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзін 27 республикалық және өңірлік телеарна мен 3 радио тікелей эфирде таратты.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасы арқылы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін елордада Парламен Мәэілісінің жалпы отырысы өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимінде қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысының ұсынысымен, Мәжіліс депутаттарының қолдауымен ҚР Премьер-Министрі лаузымына Әлихан Смайылов тағайындалды.

Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.


Жоғары қарай