Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қатонқарағай ауданындағы обалардың ерте темір дәуіріне жататыны анықталды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 09:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы Аққайнар ауылының жанында орналасқан Шу қорымын зерттеу барысында әр түрлі жер үсті құрылысы бар елуден аса жерлеу ғұрыптық ескерткіштері шоғырланғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Археологтардың айтуынша, обалар ерте темір дәуірінің ерте кезеңіне жатады. Мұндай болжам жасауға обадағы жерлеу ғұрпы негіз болған. Обаның қабір шұңқырында екі кісінің мәйіті қойылған, біріншісі - қару жарақ асынған ірі денелі ер адам. Қарулардың ішінде қола қанжар және қоладан жасалған айбалта бар.

Сонымен қатар жебе салатын қорамсақ табылды, оның белдікке ілетін қола ілмегі бар. Жебесінің ұшы сүйектен жасалған. Ал, қалғандары қола.

Мамандардың айтуынша, қарулар шайқасқа арналмаған, себебі кішкене етіп жасалған.

Екінші мәйіт ер адамнан кейін жерленген. Оның сүйегі кішілеу, жамбас тұсына тері үсті тоқылған қалтаға салынған қола айна қойылған.

Мәйіттермен бірге қыш ыдыстар және қойдың құйымшақ сүйегі қойылған. Қыш ыдыстардың ернеуінде өрнектері бар.

Айта кетерлігі, Аққайнар ауылында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жетекшісі белгілі археолог Зейнолла Самашев.








Жоғары қарай