Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қай өңірде медицина мамандарына тапшылық жоғары

2020 жылдың 7 шілде 2020 13:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның қай өңірінде медицина қызметкерлеріне жетіспеушілік ерекше сезілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізінен, медицина қызметкерлеріне тапшылық Атырау мен Маңғыстау облысында байқалды. Кеше ғана сондағы әріптестермен тілдестік. Қазіргі уақытта оларға дәрігерлерді жіберу мәселесі шешіліп жатыр», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, кадр жетіспеушілігі мәселесі министрліктің бақылауында тұр.

«Сөзсіз, жаңадан жұмысқа келген медицина маманы нұсқаулықтан өтеді. Қазіргі уақытта кадрлардың мәселесін шешу үшін колледждер ресурстарын, медициналық ЖОО-лардың профессорлық және оқыту құрамын, волонтерлерді жұмылдыруды көздеп отырмыз», - деді ол.



Жоғары қарай