Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қайрат Келімбетов елімізде АЭС салуға қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 15 қараша 2021 14:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов елімізде атом электр стансасын салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом электр стансасы геосаясаттың құралы екендігін білеміз. Ал технологиялар – бұл біздің қауіпсіздігіміз, жайлылығымыз. Бірақ саясат емес. Дегенмен, Қазақстан атом энергетикасын енгізу мүмкіндігін зерделеп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұрақты даму үшін атом энергетикасы қаншалықты тиімді екендігін тыңғылықты әрі байыппен зерделеуді өтінгендігін білемін. Алайда, сөз болашақ технологиясы, көміртегі бейтараптылығы жайында болған кезде меніңше, орта мерзімді келешекте мүлдем жаңа технологияларды көріп қалуға тиіспіз», - деді ол Астана клубының 6-отырысында.

Оның атап өтуінше, мұндай жаңа технологиялар дамушы елдердің де сатып алуына қолжетімді болуы қажет.

«Бұл ретте проблеманы шешудің революциялық емес эволюциялық әдістері қажет. Меніңше, Қазақстан күнтәртібі Қытай мен Үндістанның күнтәртібіне жақындап қалды. Технологияларды дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Мәселен, бізде көміртегі тұтқышына қатысты өте үлкен қызығушылық бар», - деді Қайрат Келімбетов.


Жоғары қарай