Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

«Қайрат» командасы қатарына қырғызстандық футболшы қосылды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футбол командасы Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Г. Алыкулов 2000 жылдың 25 қарашасында Бішкек қаласында дүниеге келген. Жергілікті «Дордой» командасы сапында үлкен футболдағы алғашқы қадамын жасап, онда 2017 жылға дейін ойын көрсетті. 2017 жылы Түркияның «Антальяспор» клубының жастар құрамында жасыл алаңға шықты. 2018 жылы Қырғызстанға оралып «Қара-Балта» және «Алға» командаларының намысын қорғады. Қырғызстан Премьер-лигасында барлығы 28 ойында 7 гол соғып, 9 мәрте нәтижелі пас берді.

Қырғызстандық футболшы былтыр Беларусьтің Гродно қаласының «Неман» клубында 24 ойынға қатысты. Онда 4 гол соғып, 4 мәрте нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, биыл «Қайрат» сапына қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов те қосылды. Ол былтыр «Ақтөбе» сапында 29 ойында 16 гол соғып, сұрмергендер көшінде алдыңғы лектен көрінді. Абат Қазақстан ұлттық құрамасында да ойын көрсетеді.

Бұдан бұрын Алматының «Қайраты» алдағы маусымға дайындығын бастап кеткенін хабарлаған едік.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қырғызстан, Спорт, Алматы,
Жоғары қарай