Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қайрат Мәми Алжир Конституциялық Кеңесінің 30 жылдығына арналған шараға қатысты

2020 жылдың 24 ақпан 2020 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Алжир Конституциялық Кеңесінің 30 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәми Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық Кеңесінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Конституциялық сот төрелігі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбындағы халықаралық конференцияға және басқа да іс-шараларға қатысты.

Бұл оқиға мемлекеттік деңгейде және осы елде 2021 жылға жоспарланған Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік конференцияның 5-ші Конгресін өткізу алдында атап өтілуде.

Форумға қатысушылардың қатарында қабылдаушы елдің мемлекеттік құрылымдарының басшылары, шет елдердің конституциялық соттары мен кеңестерінің төрағалары, халықаралық ұйымдардың басшылары және Алжирдің іскерлер және ғылыми топтарының өкілдері бар.

Жалпы сессияда Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Абдельмаджид Теббун мырза қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қонақтарға Алжир Конституциялық Кеңесі туралы деректі фильм көрсетілді.

Форум аясында Қ. Мәмидің Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының президенті Джанни Букиккио және шет елдердің бірқатар конституциялық соттарының басшыларымен кездесуі өтті, соның барысында конституциялық-құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жоғары қарай