Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қайырымды істер марафоны: Павлодарлықтар Ертіс жағалауынан 40 қап қоқыс жинады

2021 жылдың 12 шілде 2021 12:35

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Менің таза әлемім» челленджі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылар: «ARCUS» даму орталығы және «Альрами» менталды ауытқулары бар тұлғаларға арналған қоғамдық бірлестік клуб үйі.

Челленджді 30-дан астам адам қолдады: оның ішінде «Альрами» клуб үйі мен «ARCUS» даму орталығының мүшелері, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Жасыл Ел» Жастар жасақтарының еріктілері, белсенділер, менталды ауытқулары бар адамдар және бей-жай емес азаматтар.

Қатысушылар Ертіс өзенінің жағалауын тазалап, 40 қап қоқыс жинады.

«Алғаш рет мұндай сенбілікті біз 2019 жылы өткіздік, содан бері бұл біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Біз міндетті түрде челленджімізді жалғастырамыз және алдағы уақытта әлеуметтік желілерде сенбілік туралы хабарлап отырамыз. Барлық ниет білдірушілер бізбен бірге қатыса алады. Табиғатты бағалайық және бүлдірмейік. Өйткені, бұл - біздің денсаулығымыз бен болашақ ұрпақтың денсаулығы»,- деді «ARCUS» даму орталығының жетекшісі Алина Батареева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, психоневрологиялық аурулары бар адамдардың әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 24 шілдесінде әр өңірде жартастар мен су айдындарын тазарту бойынша ауқымды экоакциялар өтеді және оларға кез келген адам қосыла алады.

Марафонға #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хэштегтерімен әлеуметтік желілерде өз игі істерімен бөлісе отырып, кез келген адам қосыла алады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша үйлестірушілерге көрсетілген телефон нөмерлері бойынша хабарласуға +7 701 513 55 00, +7 7172 79 15 32, немесе Instagram-дағы @qaiyrymdy_ister_marafony аккаунты арқылы байланысқа шығуға болады.


Жоғары қарай