Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«ҚазАгро» оңтайландыру шаралары арқылы 2 млрд теңге үнемдеді

2020 жылдың 9 шілде 2020 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Асылхан Джувашев ұйымдағы оңтайландыру шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен холдинг қызметінің тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүруде. Еншілес компаниялардың саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Мамыр айында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру аяқталды. Жүргізілген оңтайландыру шаралары жалпы әкімшілік шығындарды шамамен 2 млрд теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді», - деді А. Джувашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Сонымен бірге, спикер холдингтегі несиелендіру процестерін автоматтандыру жұмыстары жөнінде айтып берді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіруге арналған электрондық өтінімдер пилоттық режимде сынақтан өтті.

«Шағын несие беру қағидаларын бекіту туралы» ереже өзгерген соң, шағын несие беруге арналған өтінімдер электрондық түрде қабылданатын болады. Бұл жедел түрде 3 сағаттан 2 күнге дейін шағын несие беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деді «ҚазАгро» өкілі.

Жоғары қарай