Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ-араб бірлескен энергетикалық холдингі құрылады

2021 жылдың 27 қазан 2021 16:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ-араб бірлескен энергетикалық холдингі құрылады. Холдинг құрылымы жайында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директор Ернар Жанәділ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері Араб әмірліктерімен бірге құрылатын Энергетикалық холдингтің құрылымы қандай болатындығын сұраған еді.

«Энергетикалық холдингті «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізінде құруды көздеп отырмыз. Бұл құрылымның аясында екі субхолдинг пайда болады. Оның бірі қазір қолданыстағы электр-энергетика нысандарын жаңарту жобаларына инвестиция құяды. Ал екіншісі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты іс-шаралармен айналысады. Энергетикалық холдингті арнаулы комитет басқарады. Оның құрамына қазақстандық және араб компанияиялары мен қорларының өкілдері кіреді әрі басқарумен айналысады», - деді Ернар Жанәділ.


Жоғары қарай