Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ-қытай шекарасында отандық тауар тасымалдаушыларға арналған дәліз қалпына келтірілді

2020 жылдың 30 мамыр 2020 01:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан-Қытай шекарасында қазақстандық тауарларды тасымалдаушыларға арналған жеке дәліздің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР СИМ «QazTrade» отандық экспорттаушылар үшін Қазақстан-Қытай шекарасынан өту рәсімдерін жеңілдетуге қол жеткізді

«19 мамырда «Нұржол» кеден өткелінде ҚХР-ға отандық экспортты қолдау және жеделдету шеңберінде 10 сәуірде шекарада пайда болған қазақстандық өндірушілердің тауарлары бар машиналарға арналған жеке дәліз алынып тасталды. 19 мамырдан бастап жеке дәліз бойынша тек мұздатылған ет пен балығы бар автокөлік қана шекарадан кедергісіз өтетін. Қалған қазақстандық тауарлар жалпы кезекті күтуге мәжбүр болды. («Нұржолы» кеден өткелінің өткізу қабілеті күніне 5-10 машинаны құрайды). Бұл шекарада автокөлік құралдарының көп санының жиналуына алып келді, ал ол қазақстандық тауарларды шетелдік сатып алушыларға үздіксіз жеткізуге қауіп төндірді», делінген хабарламада.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Qazaqtrad» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-на арнайы @exportgov Telegram арнасы арқылы отандық экспорттаушылардан өтініш түсе бастады. Айта кетерлігі, арна наурыз айының соңында шикізат емес тауарлар мен қызметтерді экспорттауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шұғыл өтініштер қабылдау үшін құрылды.

29 мамырда «Qazaqtrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлерінің қолдауымен барлық қазақстандық тауарларды тасымалдаушыларға арналған жеке дәліздің жұмысы қалпына келтірілді.


Жоғары қарай