Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 11:24

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсел Робертс (Төленова) бұл қызметке 2021 жылдың 20 қаңтарында, Ақ үйге АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің келуінен бастап кірісті.

Әсел Робертс (Төленова)1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Джорджтаун университетінің түлегі, Әсел АҚШ президенті протоколында 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақ, орыс және жапон тілін меңгерген. АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шыққанына 20 жыл болды, екеуі Айдин есімді қыз өсіріп отыр.









Фото: facebook.com/Duisenali.Sanzhar


Жоғары қарай