Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақ-орыс шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 11 шетелдік елге кіргізілмеді

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:56

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Көрші елден Қазақстанға кірмек болған азаматтардың ПТР анықтамасы болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы тәулікте шекара арқылы 684 адам өткен, соның ішінде 454 жаяу адам және 230 фура жүргізушісі бар. Карантин стационарына 7 қазақстандық азамат жатқызылды. Көлік өткелдерінде коронавирустың анықталған оқиғалар болған жоқ. ПТР-тестілерінің теріс қорытындысы бар анықтамаларды ұсынбаған Ресей Федерациясының 11 азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды», - деп хабарлады Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиолгиялық қадағалау департаментінен.

Павлодар облысында адамдар қозғалысын бақылау мониторингі мемлекеттік шекарадан өткізудің төрт автомобиль пунктінде жалғастырылып келеді, деп қосып өтті департаменттен.

Шектеу енгізілгеннен бері, аймаққа 193 776 адам келді.

Бұл кезеңде 41 033 ПТР-зерттеу өткізіліп, ауру белгілері болмаған 262 сырттан әкелінген оқиға анықталған.


Жоғары қарай