Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақ-өзбек университеттері желілік серіктестік құруға уағдаласты

2019 жылдың 22 желтоқсан 2019 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында өзбек-қазақ қарым-қатынасының маңызды бөлігі туризм саласын бірлесіп дамыту туралы ортақ мәселелер талқыланды. Басқосу аясында Өзбекстан Республикасының «Жібек жолы» халықаралық университеті мен Қазақстан Республикасының «Туризм және қонақжайлық» халықаралық университеті арасындағы желілік серіктестік құру туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты - уағдаластық шеңберінде тараптардың арасында желілік серіктестік құру, ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің туризм саласының дамуы үшін ақпараттық орта қалыптастыру.

Сондай- ақ, бүгін Ақтоты Райымқұлова «Амирсой» тау шаңғы курортының ашылу салтанатына да қатысты.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Білім, Туризм, Өзбекстан,
Жоғары қарай