Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақфильм ұжымы Асанәлі Әшімовке ат мінгізді

2022 жылдың 25 мамыр 2022 22:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудия ұжымы Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай салтанататты шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында ғана мерейтойын атап өткен дарын иесі ұлттық кинематографияның алтын қорына енген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек», Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры», Мәжіт Бегалиннің «Тұлпардың ізі», Хуат Ахметовтың «Ка мырза, Сіз кімсіз?» және басқа да көптеген фильмдерді жарыққа шығарған қазақ киносының қара шаңырағы – «Қазақфильм» киностудиясында өзінің мерейтойын өнердегі әріптестері мен жақындарының ортасында атап өтті.

Салтанатты шараны ашқан «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев Асанәлі Әшімовты 85 жасқа толуымен құттықтай отырып, қазақ киносының аңызы атанған актердің еліміздің мәдениетіне қосқан ерекше үлесі туралы айтты.

Кеш соңында қазақтың салт-дәстүрі бойынша Асанәлі Әшімовке құрмет көрсетіліп, асыл тұқымды тұлпар тарту етілді. Сонымен қатар, мерейтой иесіне режиссер ретінде түсірген және өзі түскен картиналардан құралған фильмдер жиынтығы сыйға берілді. Олардың қатарында Асанәлі Әшімовтың мерейтойына орай түсірген режиссер Төлеген Нұқытовтың «Өмірім-өнерім» атты деректі фильмі де бар.






























Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай