Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақфильм жаңа жобаға мультипликаторларды іздеп жатыр

2020 жылдың 25 қараша 2020 08:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильм жасауға мультипликаторларды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз «Алтын адам» толықметражды анимациялық фильмінің командасына 2D және 3D-анимация бойынша үздік мамандарды іріктеуді жалғастырамыз. Режиссерлер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының теңдессіз жобасын «Қазақфильм» киностудиясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен дайындап жатыр. Мультфильм сала білетін және ұнататын достарыңызды белгілеңіздер. Талантты мамандар өздерін көрсету мүмкіндігі туралы көбірек білсін» делінген киностудияның хабарламасында.

Резюмені a.kossobayev@kazakhfilmstudios.kz поштасына жолдауға болады.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай