Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

«Kazakh TV» «Turksat» жерсерігі арқылы ақпарат тарата бастады

2019 жылдың 13 тамыз 2019 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кazakh TV» Қазақстанның ұлттық жерсеріктік телеарнасы енді «Turksat» жерсерігі арқылы да қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Kazakh-tv.kz-ке сілтеме жасап.

«Хабар» агенттігі әлемнің жетекші жерсеріктік операторларының бірімен ақпарат тарату жөнінде келісімге тұрды.

9 тамыздан «Turksat» жерсерігі арқылы «Кazakh TV» арнасының көрсетілімдері көрерменге жол тартты. Осылайша, Қазақстанның ақпараттық-танымдық ұлтық арнасы Түркия елі аумағындағы жерсеріктік телеөнімнің 20 миллиондық аудиториясына өз жаңалықтарын таратуға қол жеткізді.

Айта кетейік, «Turksat» аталмыш мемлекеттегі ең ірі операторлардың бірі болып саналады. Компанияның телекоммуникациялық қызметтерінің географиялық ауқымы кең, ол Азия мен Африка кеңістігін толықтай қамтиды.


Басты сөздер: БАҚ, Түркия,
Жоғары қарай