Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ бірқатар журналисі Президенттің алғыс хатымен марапатталды

2020 жылдың 27 маусым 2020 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ бірқатар журналисі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, «ҚазАқпарат» агенттігі қазақ редакциясының тілшісі Руслан Ғаббасов, «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің тілшісі Аягөз Құрмашева, «STRATEGY 2050» ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Салтанат Сұрағанова Президент алғысына ие болды. Мұнан бөлек, «ҚазАқпарат» ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин де Президент алғысын алған еді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына да алғыс жариялаған болатын.

Айта кетейік, 2020 жылы ҚазАқпарат пен Қазконтент қосылған болатын. Қазір «ҚазАқпарат» АҚ құрамында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, baq.kz ақпараттық порталы, baigenews.kz ақпарат агенттігі, el.kz танымдық порталы, kaztube.kz ұлттық видеопорталы, e-history.kz тарих порталы, adebiportal.kz әдебиет порталы, Strategy2050.kz аналитикалық порталы, Премьер-министрдің primeminister.kz сайты бар. Биыл агенттікке 100 жыл толады.





Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, БАҚ,
Жоғары қарай