Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ҚазАқпарат» ХАА «Шаңырақ» байқауының арнайы жүлдесін иеленді

2020 жылдың 30 қараша 2020 11:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапаталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асты.

Конкурс қазақстандық журналистиканың дамуына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбында материалдар жариялайтын журналистерді ынталандыру арқылы ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Биылғы жылы конкурсқа 40 журналист материалдарын ұсынды. Байқау жеңімпаздарын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев құттықтады.

–Бірінші орынды «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Иса Қазбек жеңіп алды;

–Екінші орын «Kazakһ»– TV арнасының тілшісі Жеңіс Бағытұлы алды;

–Үшінші орын « Қазақ газеттері» сайтының редакторы Берік Бейсенұлы иеленді.

Арнайы жүлдені «ҚазАқпарат» ХАА жеңіп алды.

«Мен үлкен ризашылығымды білдіремін. Біздің агенттік Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын әрдайым қолдап келеді. Биыл «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Біз қоғамдық келісім мен ұлт бірлігін сақтау мақсатында Ассамблеямен бірлесіп жұмысымызды жалғастырамыз», - деді «ҚазАқпарат» ХАА Басқарма Төрағасы Асқар Умаров.


Жоғары қарай