Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан 27 елмен қылмыстық істерге қатысты құжатты бекітті

2021 жылдың 24 ақпан 2021 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасының арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шарт қылмыстық саладағы өзара көмек беруді көздейді. Негізінен, күдікті мен айыптының кінәсін дәлелдеуге бағытталған тиісті әрекеттерді қамтиды. Осы ретте екі елдің құзырлы органдарына тергеу амалдарын жүргізуге құқықтық көмек береді», - деді ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Осы орайда қамауда отырған адамдарды уақытша беру, тінту, заттарын тәркілеу, сраптама жүргізу, жауап алу, ақпарат және басқа тергеу амалдарын қамтиды. Бұл келісімде көрсетілген барлық тергеу әрекеттері біздің заңнамамызда бар.

Шарт құқықтық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздерді де көздейді. Құжатты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шарт міндетті түрде ратификациялауға жатады, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайды.

«Жалпы, еліміз осындай шартты 27 мемлекетпен бекітті. Оның арасында Қытай, Ұлтыбритания, АҚШ секілді елдермен жасалды», - деді М. Ахментжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық сала мәселелері бойынша шарттардың толық пакеті жасалды.

Мұнымен қоса, «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.


Жоғары қарай