Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан 9 айда мұнай экспорттау жоспарын 100 пайыз орындады

2020 жылдың 13 қазан 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 9 айда мұнай экспорттау жоспарын 100 пайыз орындады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 64,7 млн тоннаны құрады. Бұл биылғы 9 ай жоспарының 100,5 пайызына тең. Оның ішінде, iрі жобалар бойынша көрсеткіштер жақсы. Теңізде аталған кезеңде 20,2 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл - есепті айдың жоспарының 100,5 пайызы», - деді министр.

Оның дерегінше, Қашағанда мұнай өндіру көлемі 11,5 млн тоннаға жеткен. Яғни, қаңтар-қыркүйек айларының жоспары 100 пайыз орындалды.

Қарашығанақтың көрсеткіші 9 млн тоннаны құрап отыр. Биыл 9 ай жоспарымен салыстырғанда 102,2 пайыз болды.

«Осы 9 ай ішінде 52,2 млн тонна мұнай экспортталды. Яғни есепті мерзімнің жоспары 100 орындалды», - деді Нұрлан Ноғаев.


Жоғары қарай