Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан - әлемдегі бензин ең арзан ТОП-15 елдің қатарында

2020 жылдың 16 сәуір 2020 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемдегі бензин ең арзан ТОП-15 елдің қатарына кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 13 сәуіріндегі деректерге сәйкес, әлемде АИ-95 маркалы бензиннің бір литріне орташа баға 0,95 АҚШ долларын немесе 404,5 теңгені құрайды. Дүниежүзіндегі ең арзан бензин Венесуэлада тіркелген. Бұл елде теңгеге шаққанда АИ-95 бензинінің бір литрі 1 теңгеден де төмен.

Сондай-ақ, бензин арзан үш елдің қатарына Иран (1 литрі 0,09 АҚШ доллары немесе 39,2 теңге) мен Судан (1 литрі 0,14 АҚШ доллары немесе 59,6 теңге) кіріп отыр. ТОП-5 елдің қатарында Ангола (1 литрі 0,28 АҚШ доллары немесе 121,4 теңге) мен Малайзия (1 литрі 0,29 теңге немесе 123,7 теңге) да бар.

Қазақстанда бензин бағасы ең төменгі елдердің қатарына кіріп, 11-орынға тұрақтаған. 13 сәуірдегі мәліметтерге қарағанда, елімізде бензиннің орташа бағасы 1 литріне - 0,41 АҚШ доллары немесе 174 теңге.

Ал бұл ТМД елдеріндегі ең төменгі баға саналады. Айталық, Ресейде АИ-95 бензинінің бір литрі 265,8 теңгені, Түрікменстанда 183,4 теңгені, Әзербайжанла 201,4 теңгені, Қырғызстанда 230,2 теңгені құрайды.

2020 жылдың наурызында Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы орташа бағасы 1 литріне 155,02 теңге болып, жыл ішінде 4 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайызға қымбаттаған еді.

Бұл маркадағы ең қымбат бензин Нұр-Сұлтан қаласында (160 теңге), Көкшетау (158 теңге) мен Өскеменде (158 теңге) тіркелген. Қазақстанда АИ-95 пен АИ-96 маркалы бензинің бөлшек саудадағы орташа бағасы жыл ішінде 2,7 пайызға қымбаттап, 1 литрі 173,79 теңге болды және осы жылдың ақпанымен салыстырғанда баға 0,1 пайызға қымбаттады. Бұл маркалы ең қымбат бензин Нұр-Сұлтанда (178 теңге), Атырау (178) мен Көкшетауда (177) сатылады.

Ал жазғы дизель отыны бір айдың ішінде 0,1 пайызға арзандап, литрі 192,63 теңгеге дейін төмендеді. Қымбат дизель Көкшетау (198 теңге),Қостанай (197) және Атырау (196) қалаларында тіркелген.


Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Жанар-жағармай, Мұнай,
Жоғары қарай