Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан әлемдегі мобильді интернет бағасы ең төмен елдердің үштігіне кіреді

2021 жылдың 22 желтоқсан 2021 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әлемдегі мобильді интернет бағасы ең төмен елдердің үштігіне кіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан әлемдегі мобильді интернет бағасы ең төмен елдердің үштігіне кіреді. Әлемдегі 1 ГБ орташа құны 8,53 АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте, Қазақстанда 1 ГБ орташа құны 0,49 АҚШ долларын тең. Бұл елімізге әлемде 2-орын және ТМД елдері арасында 1-орын алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтеді ол Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оның дерегінше, интернетке қосылу жылдамдығының жаһандық индексіне сәйкес Қазақстан Республикасында ұялы байланыс технологиялары бойынша деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы 31,8 Мбит/секундты, ал Ресей Федерациясында – 28,9, Украинада – 31,9, Беларусь Республикасында – 19,4, Өзбекстан Республикасында – 19,2 4, Қырғыз Республикасында 24,7 Мбит/секундты құрайды.

«Операторлар арасындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында министрлік осы жиіліктерді одан әрі аукционға шығару мақсатында жұмыс істеп тұрған операторлардан пайдаланылмайтын жиіліктерді алып қою жұмыстарын жүргізуде. Аукциондар өткізу жаңа компанияларға белгілі бір жиілік диапазонын сатып алуға және өз инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді», - деді Асхат Оразбек.


Жоғары қарай