Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан әскер саны бойынша әлемде 67-орында

2022 жылдың 11 наурыз 2022 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Global Firepower 2022 рейтингінде Қазақстан белсенді әскери персонал саны бойынша әлемнің 142 елінің арасында 67-ші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz-ке сілтемемен.

Рейтинг деректері бойынша еліміздегі әскери қызметшілердің саны – 45 мың адам.

Бұрынғы КСРО елдері арасында Қазақстан армия саны бойынша Ресей (850 мың), Украина (200 мың), Әзербайжан (65 мың), Өзбекстан (55 мың) және Беларусьтен (45 мың) қалыс қалып отыр.

Қазақстан рейтингіде Армения, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдовадан жоғары орналасқан.

Әскерге шақыру жасындағы азаматтар саны бойынша Қазақстан 142 елдің арасында 70-ші орында. Көршілес елдерден бұл көрсеткіш жағынан Қазақстаннан тек үш ел – Ресей, Украина және Өзбекстан ғана алда.


Жоғары қарай