Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан астық пен ұн экспортына шектеу енгізеді

2020 жылдың 30 наурыз 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн экспортына салынған тыйымды алып тастап, астықты шетке шығаруға шектеу енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздің астыққа деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізілмек. Сондай-ақ, ҚР АШМ ұнды экспорттау бойынша тыйымды алып тастап, оның орнына ұнды республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қояды.

«Осыған орай енді бидай мен ұн экспорты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квота шеңберінде жүзеге асырылады. Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта министрліктің ресми интернет ресурсында жарияланады», - деп хабарлайды министрліктен.

Сондай-ақ министрлік республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 млн тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 млн тонна, тұқымдық – 1,5 млн тонна, жемдік – 1,3 млн тонна астық бар», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай