Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан аумағынан жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

2021 жылдың 14 қараша 2021 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағынан жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар ЖЖМ-ды заңсыз өткізуге әрекет жасауда.

13 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті (отын түрін сараптама белгілейді). Отыны бар үш цистернаны тасымалдау газ конденсаты түріндегі жүк темір жол құрамымен жүзеге асырылды.

Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарлануда. Ұсталған жанармайдың алдын ала құны 50 млн теңгені құрады.


Жоғары қарай