Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қазақстан аумағындағы геологиялық жобаларға канадалық инвесторлар шақырылды

2019 жылдың 20 қараша 2019 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сейсенбіде Канада премьер-министрінің ЕО және Еуропадағы арнайы уәкілі – Канаданың Германиядағы елшісі Стефан Дионмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты экономикалық байланыстарды дамыту мәселесін атап өтіп, сондай-ақ бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

Атап айтқанда, М. Мырзағалиев ынтымақтастықты жандандыру үшін басым салалардың қатарында геологиялық барлауды атап көрсетіп, канадалық инвесторларды Қазақстанға шақырды.

«Қазақстанда геология саласында біршама перспективалық жобалар бар. Біз оларды таныстыруға, осы саладағы бірлескен ынтымақтастыққа бейілміз», - деді министр.

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен инвестиция тарту, сондай-ақ геологиялық барлаудағы инвесторларға қолдау жасау мақсатымен шетелдік және жергілікті инвесторлардан тұратын «InvestorsOne-stop-shop» жұмыс тобы құрылғанын еске салды.

Бұдан басқа, Қазақстан, бірқатар әлемдік сарапшылардың пікірінше, геологиялық барлауда және тұтастай алғанда, тау-кен-металлургиялық кешенде инвестициялық тартымдылықты жақсартуда өршіл қадамдар жасады.




Сондай-ақ кездесуге қатысушылар климатты өзгерту мәселесін, ғаламдық жылынумен күрес әдістерін талқылады.

Экология министрлігі басшысы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Париж келісімін орындау жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін стратегияны және экономиканы дамытудың неғұрлым қолайлы сценарийін әзірлеуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Жоғары қарай