Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан азаматы Украина ұлттық компаниясының геологиялық барлауын басқарады

2020 жылдың 15 мамыр 2020 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санжар Жаркешов Украина «Нафтогаз» ҰАҚ кен орындарын барлау және өңдеу блогының (Head of Upstream Exploration and Development) басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санжар Жаркешов бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі және «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған болатын. Ол АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетін инженер-мұнайшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. 11 жыл бойы әлемнің 17 елінде халықаралық, инженерлік, өндірістік және басқарушылық еңбек жолынан өткен.

С.Жаркешов 2014 жылы Ресейдің Сахалин аралындағы Z-40 мұнай ұңғымасын 13 мың метр тереңдікке бұрғылап, әлемдік рекорд орнатқан. 2016 жылы SPE Бүкіләлемдік инженер-мұнайшылар қауымдастығының «Бұрғылау саласындағы айрықша жетістігі үшін» сыйлығымен марапатталған. Сол жылы Британдық «Инженер-Профессионал / Chartered Engineer» атағын иеленген. Британ инженер-механиктер институты кеңесінің мүшесі. 2017 жылы Ұлыбританияның мұнай индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін Патшайым Елизавета ІІ атындағы сыйлықпен марапатталған.


Жоғары қарай