Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептеріне «Ортақ түркі тарихы» оқулығы енгізілді

2020 жылдың 21 ақпан 2020 23:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмасымен Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығы Қазақстан, Әзербайжан және Түркия мектептерінің бағдарламасына енгізіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылы «Ортақ түркі тарихы» пәнін факультатив ретінде Түркияда 30 мың оқушы, Қазақстанда 15 мың оқушы, Әзербайжанда 10 мың оқушы таңдады.

Оқулық ежелгі дәуірден бастап XV ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Оқу құралында түркі халықтары құрған мемлекеттердің тарихымен бірге олардың дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық ойындардың пайда болу тарихы жан-жақты көрсетілген», - делінген Халықаралық Түркі академиясының ресми сайтында.


Басты сөздер: Түркі елдері,
Жоғары қарай