Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан басшылығы маңызды қадамдарды іске асырмақ – әзербайжандық сарапшы

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 17:32

БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның жоғары билігі маңызды институционалды, экономикалық және әлеуметтік түрленуді іске асыруға кірісіп отыр. Бұл туралы Әзербажан мемлекеттік экономикалық университеті орыс экономикалық мектебі директорының орынбасары, сарапшы-экономист Эльшад Мамедов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалым өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі бастамаларымен егжей-тегжейлі танысып шыққанын айтты.

Президент Қ. Тоқаевтың сөзінде салықтық ынталандыру, іскерлік белсенділікті көтеру үшін тиісті ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ ақша-несиелік құрамдауыш бойынша сапалы жаңа стратегияны әзірлеуге байланысты тақырыптарды көтерді.

«Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық түрлену тұрғысында бұл қадамдар маңызды сегменттердің бірі болып саналады. Осы проблема барша посткеңестік кеңістікке тиесілі, себебі ақша-несие құрамдас бөлігі дамуының жеткіліксіздігі проблемасы жүйеліктің және экономикалық саясат кешенділігінің негізгі кедергісі екенін көріп тұрмыз», - деді сарапшы.

Э. Мамедов пікірінше, экономикалық түрлену жүйелік және кешенді сипатқа ие болуы тиіс.

«Оның ішінде бұл шаралар ақша-несие құрамдауышына да қатысты болуы керек. Ол өз кезегінде Қазақстан ұлттық экономикасының озыңқы өсімін қамтамасыз етуі қажет», - деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 20 желтоқсанда елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті.



Жоғары қарай