Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан Беларусь және Ресеймен бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

2021 жылдың 6 қыркүйек 2021 23:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10-16 қыркүйек аралығында Ресей мен Беларусь елдерінің аумағында «Батыс-2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы өтеді. Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінен 100-ден астам әскери қызметші қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз қаруланған құрамаларға күрес жүргізуге бағытталған бірлескен маневрлер екі кезеңде өтеді. Онда арнайы жауынгерлік операцияларды жүргізудегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады. Командирлер көпұлтты күштер құрамында бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіреді. Жеке құрам заңсыз қаруланған құрамаларға барлау-іздестіру іс-қимылын, бұғаттауды және жоюды жүргізеді.

«Батыс-2021» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы барысында Ресейдің екі полигонында және Беларусь елінің бес полигонында әскерлердің практикалық іс-әрекеті өтеді.


Жоғары қарай