Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан бензин мен дизель экспортына тыйым салмақ

2021 жылдың 12 қараша 2021 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірнеше мемлекеттік органы бензин мен изельді, мұнай өнімдерінің бірнеше түрін экспорттауға 6 айлық тыйым салу туралы бірлескен бұйрық жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттың толық атауы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 340, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 018, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 1158 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 695 бірлескен бұйрығы.

«Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыс пен көліктің зауыт орнатқан багын қоспағанда автомобильмен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген бірлескен бұрйықта.

Құжат мәтінінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара әрекеттесіп, өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етуі керектігі айтылған.

«ҚР Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобилььдің зауыт орнатқан стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу жөнінде жәрдем көрсетсін», - деп жалызған бұрықта.

Ал Энергетика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі аталмыш тыйымның талаптары туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлауға міндеттелді.

«Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін энергетика, қаржы, Ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін», - құжат мәтінінде

Бұйрық 21 қарашада күшіне енеді.


Жоғары қарай