Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басты-қоғам қайраткері

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 07:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жағдайдың ушығуына, елдің тұтастығы мен халық бірлігінің бұзылуына жол беруге болмайды. Ақмола облысындағы «Kazakhstan Innovations» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәриям Әбішева осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойып отыр. Барлық жағдайды талдай отырып, еліміздің дамуында жаңа кезең басталды деп айтуға болады. Жаңа Үкімет – бұл Қазақстанда жаңа 2022 жылдың басында орын алған жағдайға дер кезінде жасалған әрекет. Жағдайдың ушығуына, елдің тұтастығы мен халық бірлігінің бұзылуына жол беруге болмайды», - деп атап өтті Мәриям Әбішева.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отырғаны маңызды.

«Ел Президенті барлық негізгі бағыттар бойынша түбегейлі шараларды жүзеге асыруға толық шешім қабылдағанын көрсетті. Елдің экономикалық саясаты барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс және осы мақсат үшін шағын және орта бизнесті дамыту пайдасына Қазақстанның Даму банкінің жұмысын қайта қарау ұсынылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырып, «Қазақстан халқына» әлеуметтік қор ашуға бастамашы болды. Мұндай ауқымды міндеттерді іске асыру шын мәнінде бүкіл қоғамды топтастыруды талап етеді. Ол үшін біз бәріміз, әрқайсымыз өз құндылықтарымызды қайта қарап, конституциялық құрылысты, халықтың бірлігі мен әл – ауқатын сақтау үшін күш - жігерімізді жұмсауымыз керек», - деп түйіндеді Мәриям Әбішева.




Перевод Аслан Оспанов
Басты сөздер: Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай