Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазақстан денсаулық сақтау саласына ЖІӨ-нің 5 пайызын жұмсайтын болады

2020 жылдың 28 ақпан 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан денсаулық сақтау саласына жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын жұмсайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылған жылдардың ішінде өмір сүру ұзақтығы 73 жылға жетіп, жалпы өлім-жітім 4, сәби өлімі 11, ана өлімі 19 пайызға төмендеді. Осылайша, оның нәтижесі айқын әрі оң екендігі көрініп тұр. Осы ретте қол жеткізілген жетістікпен тоқтап қалмай, саланың оң динамикасын қолдай беру қажет», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамытудың жаңа бағдарламасы саладағы оң динамиканы қолдауға бағытталған.

«Денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі - лайықты қаржыландыру. Осыған орай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты дәрігерлер де, қарапайым азаматтар да зор үмітпен отыр. Бұл жүйені сапалы енгізу денсаулық сақтауға жалпы ішкі өнімнің 5 пайыз жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл Елбас алдымызға қойған міндеттердің бірі», - деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар ол МӘМС халықтың да, дәрігерлердің де үмітін ақтау тиістігін баса айтты.

«Кез келген саланың, әсіресе медицина сынды жоғары мамандандырылған, сезімтал саланың негізгі құндылығы адами капитал саналады. Сондықтан қоғамдағы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, білікті медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешу бойынша лайықты шаралар қажет. Осыған орай 2019 жылы барлық медицина қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға дейін артты. Үкімет осы мақсатқа 42 млрд теңге бөлді. Бұл жұмыс жалғасып та жатыр. Мемлекет башсысы жалақыны 2,5 есеге, медбикелердің жалақысын 1,5 есеге одан ары ұлғайтуға қолдау көрсетті. Толықтай алғанда, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жақсарып келеді», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.


Жоғары қарай