Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан ЕАЭО аясында «вето» құқығын жоюға жол бермейді

2020 жылдың 13 қазан 2020 16:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ЕАЭО аясында «вето» құқығын жоюға жол бермейді. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысына орай ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын талқылау маңызды мәселелерінің бірі болды. Бұған дейін, Жоғары Кеңестің 2020 жылғы 19 мамырдағы отырысы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертулерімен Стратегия жобасы пысықтауға жіберілген еді.

«Қазіргі уақытта комиссияның кадр саясаты және ЕЭК-тің сауда шаралары жөніндегі шешімдеріне «вето» құқығын қолдану бөлігінде Стратегия жобасына қазақстандық ұсыныстарды талқылау жалғасуда. Келіссөздерде Комиссияда жұмыс істеу үшін үміткерлерді тек ізденушілердің кәсіби дағдылары негізінде іріктеу мәселесінің принциптілігі атап өтілді. Сондай-ақ, «вето» құқығын қолдану мемлекеттің сөзсіз егеменді құқығы болып табылады. Бұл оған естуге және экономикалық мүдделерге сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеуге мүмкіндік тудырады», - деді Сауда және интеграция вице-министрі.

Сонымен қатар аталған жиында ЕАЭО елдері арасында COVID-19 жағдайында жолаушылар қатынасын қалпына келтіру мәселесі де талқыланған.

«Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 коронавирус індеті өте алаңдатарлық жағдай болып отыр. Сондықтан біз үшін бұл мәселе өте сезімтал саналады. Өйткені азаматтарымыздың қауіпсіздігі бәрінен жоғары. Осы тұрғыда біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің санитар дәрігерлеріне ЕЭК-пен бірлесіп, қажетсіз тәуекелге жол бермей, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жолаушылар көлігі қатынасын жаңарту жөнінде тәсілдер әзірлеуді ұсындық», - деді Жанель Кушукова.

Аталған мәселені қарау барысында Үкімет басшылары ЕАДБ-ның бастамасын қарастырды.

«Еуразиялық даму банкі шығатын азаматтардың COVID-19 тестілерінің нәтижелерін кейіннен ЕАЭО елдерімен өзара тани отырып шоғырландыратын цифрлық платформа құруды ұсынды. ЕАДБ ұсынып отырған тәсілі азаматтардың ЕАЭО ішіндегі қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы, біз бұл бастаманы қолдадық. Енді оның практикалық іске асырылуын қамтамасыз ету қажет», - деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министрлер ЕАЭО-да тауарлардың трансшекаралық электрондық саудасын реттеу мәселесін қарады.

«Ағымдағы шындықтар әлемдік IT-нарық өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, ол бюджетке түсетін түсімдерді азайту, тауарлардың төмен сапасы түрінде тәуекелдерді көтереді. Жаңа шынайылық жағдайында біз трансшекаралық электрондық сауданы реттеудің негізгі бағыттарын келістірдік» - деді вице-министр.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Үкімет басшылары сондай-ақ экспортты дамытудың бірлескен шаралары мен ЕАЭО аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын келісті. Бұл уағдаластықтар отандық бизнеске үшінші елдердің нарықтарына экспорт спектрі мен көлемін кеңейтуге, ауыл шаруашылығы нарығын одан әрі дамытудың көкжиегін белгілеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 9 қазанында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.


Жоғары қарай