Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан екі салада Италиямен бірлескен жобаларды іске асырады

2017 жылдың 6 қыркүйек 2017 18:41

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының 9-шы отырысы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және Италияның CDP Equity S.p.A тәуелсіз қоры ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін қол қойылған алдын ала келісім басқа елдердегі тәуелсіз қорлармен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге жасалған тағы бір қадамға айналды. Италиялық CDP Equity қорының компанияларымен ынтымақтастық және келешектегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу ықтималдығы Қазақстан экономикасына мультипликативті ықпалын тигізеді: технологиялар трансфертін және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Келісімнің мақсаты -Қордың, Холдингтің қоржындық компаниялары мен жетекші италиялық компаниялар арасында ынтымақтастықты нығайту және келешекте Қазақстан аумағында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында жаңа қуаттылықтарды құру. CDP Group холдингісі өнеркәсіптің түрлі салаларындағы ірі компаниялардың акцияларына иелік етеді. Құпталған алдын ала Келісімнің бірінші кезеңінде италиялық технологияларды қолдана отыра өндірісті локализациялау мүмкіндігі қарастырылған.

«Бұл - маңызды ынтымақтастықтың бастауы. Ол қос елдің экономикасын дамытуға септігін тигізеді. Ықпалдастық туралы алдын ала келісімде біздің қоржындық компанияларды дамыту мақсатында ұзақмерзімді серіктестікке басымдық беріледі», - деді италиялық тараптан алдын ала келісімге қол қойған CDP Equity басқармасының төрағасы Гуидо Риволта.

Жоғары қарай