Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Хофбург сарайында Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында отандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аустриялық әріптесіне жолдаған жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның аталған елмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін хабарлады.

Елші сұхбаттасушысын Мемлекет басшысының еліміздің одан әрі демократияландыруға бағытталған жаңа реформаларымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен оны таратпауды алға жылжытатын жаңа беделді жаһандық алаң ретінде Көшбасшылардың ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық альянсын құру туралы бастамасымен таныстырды.

Өз кезегінде, А. Ван дер Беллен Қазақстан Президентіне жылы тілектерін жолдап, Аустрия Қазақстанды маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде қарастырып, Венаның тығыз және жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында Аустрия Президенті Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.














Жоғары қарай