Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан елшісі Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саяси академияда дәріс оқыды

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:38

ХАНОЙ. ҚазАқпарат - 1 шілдеде Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саяси академияда дәріс оқыды. Дәріс Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы мерейтойына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Академия басшылығы, оқытушылары және тыңдаушыларының алдында Қазақстан Елшісі жиналғандарды Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі кезеңдерімен таныстырды. Қазақстандық дипломат Ұлы дала тарихына, Қазақстанның кеңестік тарих кезеңіне, оның ішінде «қайта құру» және КСРО-ның құлдырау жылдарына экскурс жасады.

Дәрістің негізгі бөлігі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігіндегі қоғамдық-саяси құрылымның реформалары мен экономикалық өзгерістерге арналды.





Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарына тоқтала келе, Ерлан Байжанов сол кезде жас мемлекет алдында жеке мемлекеттілікті құру, нарықтық экономикаға көшу, демократиялық қоғам құру және ұлттық бірегейлікті нығайту бойынша үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті.

- Мемлекетіміздің басшылығы алдында реформалардың кезектілігін және дамудың басымдықтарын таңдау туралы күрделі мәселе тұрды.

Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның жолы болды, өйткені бұл тарихи қиылыста ел басшылығының тізгінін Қазақстанның көрнекті саясаткері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық процестердің көрнекті ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев ұстады, деп атап өтті Қазақстан Елшісі. - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және оның серіктестерінің алып жұмысының арқасында дамудың негізгі бағыттарын анықтайтын іргелі құжаттар әзірленді, әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласында реформалар жүргізілді.

Вьетнамдық аудиторияның алдында Тұңғыш Президенттің тұлғасы және оның тәуелсіз республиканы құрудағы сіңірген еңбегі туралы ой жүгірте отырып, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан үшін рөлі Хо Ши Мин қызметінің Вьетнам үшін маңыздылығымен салыстыруға болады. Олар әртүрлі тарихи дәуірлерде, әртүрлі жағдайларда әрекет етсе де, бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе бар - екеуі де қазіргі мемлекеттердің нақты негізін қалаушылары. Олардың өмірі - Отанға деген жанқиярлық қызмет пен туған халқына деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Екеуі де ұлттың нағыз көшбасшылары болуға лайық еді», - деп атап өтті қазақстандық дипломат

30 жылға жуық кезеңді қамтитын дәрістің негізгі бөлігінде нарықтық реформалардың, 90-шы жылдардағы жекешелендірудің күрделі процестері, шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа Конституцияны әзірлеу және қабылдау, партиялық-саяси жүйені дамыту, сыртқы саясатты қалыптастыру мәселелері, Тұңғыш Президенттің көптеген халықаралық бастамалары туралы сөз қозғалды.

Тыңдаушылар Қазақстанның мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеу барысы туралы дәріс бөліміне ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар олар презентацияда сипатталған жетістіктерге таңданды. Нұрсұлтан Назарбаев басқарған жылдар ішінде Қазақстан әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кірді, елдің жалпы ішкі өнімі 18 есе өсті, долларға шаққанда халықтың табысы 9 есе өсті, кедейліктің деңгейі 40 пайздан 4, пайызға дейін төмендед, 330 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 15 мың шақырым заманауи автомобильдер мен темір жолдар салынды, соның арқасында Қазақстан Азия мен Еуропаны, Солтүстік пен Оңтүстікті тиімді байланыстыратын транзиттік мемлекетке айналды.





Дәрістің жеке бөлімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір президенттік жыл ішінде жүзеге асырылған және алдағы кезеңге жақсы серпін берген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына арналды.

Қазақстан Елшісі өзінің дәрісінде қазақстандық-вьетнадық қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағына да тоқталды. Дипломаттың айтуынша, «біздің ынтымақтастық барлық жаңа бағыттарды қамтиды және практикалық мазмұнға толы. Біздің елдеріміздің экономикалары бір-бірімізді толықтыруға мүмкіндік беретін күшті жақтары бар. Қазақстан мен Вьетнам арасында барлық ірі үкіметаралық құжаттарға қол қойылды. Дамудың стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асырудың таңдалған тәсілдерінде көптеген байланыстардың болуы арқасында неғұрлым қарқынды сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнатудан біз жалпы пайда ала аламыз».

Дәріс соңында Ерлан Байжанов тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.


Жоғары қарай