Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 22:33

КАИР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Лама Шариф «әл-Иттихадия» президенттік сарайында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

«Өз кезегінде Мысыр Президенті Елші Қ.Лама Шарифқа жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Қазақстан басшылығына достық лебіздерін білдірді.

Мысыр Президентіне Еуропа одағы, Бельгия, Дания, Нидерланд, Португалия, Мажарстан, Корея Республикасы, Израиль, Судан, Бангладеш, Эфиопия, Уругвай, Лесото елшілері және Ватикан нунцийі де сенім грамоталарын тапсырды», - делінген СІМ ақпаратында.


Жоғары қарай