Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның басшылығымен кездесті

2021 жылдың 29 мамыр 2021 17:13

СКОПЬЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов Солтүстік Македония Республикасына жұмыс сапары аясында бірнеше кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Елші Солтүстік Македония Премьер-министрі Зоран Заевпен, Ассамблея (Парламентінің) спикері Талат Джаферимен, Вице-премьер-министр Фатмир Бетичимен, Экономика министрі Крешник Бектешимен, ЕҚЫҰ ПА Македония делегациясының жетекшісі Игорь Янушевпен және ҚР Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік достық тобының жетекшісі Энес Ибрагиммен жүздесті, сондай-ақ басқа да СІМ-де кездесулер өткізді.




Үкімет басшысымен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық проблемалар, оның ішінде Балқан өңіріндегі ахуал талқыланды. Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, елді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Премьер-министр Солтүстік Македония Қазақстанмен өзара тиімді негізде саяси диалогты одан әрі белсенді нығайтуға және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ниетті екеніне сендірді.




Қазақстандық дипломаттың Солтүстік Македония Парламентінде кездесуінің мәні парламентаралық ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар заң үстемдігін нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында заң органдары, оның ішінде екі ел депутаттарының достық тобы арасындағы байланыстарды қарқындатуға мүдделілікті атап өтті.

Экономикалық мәселелер жөніндегі вице-премьер Ф.Бетичимен елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимыл және қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығындағы, энергетикадағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ өңірлік және көліктік ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Македониялық тарап Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыра отырып, екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүдделілік танытты.




Үстіміздегі жылы екі ел арасындағы сауда және іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Македония Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысын Скопье қаласында өткізу қазақстандық дипломаттың Экономика министрімен кездесуінің негізгі тақырыбы болды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында Солтүстік Македонияның іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізді.














Жоғары қарай