Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан Елшісі Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылдың 30 маусым 2020 22:06

ВЕЛЛИНГТОН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Сингапур, Жаңа Зеландияда және Аустралия Одағындағы Елшісі Аркен Арыстанов Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Рәсім онлайн форматында екі ел тарихында алғашқы рет өткізілді. Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі Пэтси Редди мен Жаңа Зеландияның халқына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілектерін жеткізді.

А.Арыстанов биыл Қазақстан мен Жаңа Зеландияның дипломатиялық қарым-қатынастарына 28 жыл толғанын атап өтті. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар ортақ мүдделерге негізделген және оны одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көрсетіп отыр. Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстарды жандандыруға тырысуда. Мемлекеттік секторды реформалау, тиімді экономикалық басқару және Жаңа Зеландиядағы адами капиталын дамыту Қазақстан үкіметі үшін ерекше қызығушылық тудырады. Климатты қорғау, жаңартылатын энергия, ауыл шаруашылығы және технологиялар трансферті сияқты салалардағы одан әрі ынтымақтастықтың да әлеуеті зор», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

Өз кезегінде Пэтси Редди Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, екі ел арасындағы қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті. Генерал-губернатор өз сөзінде сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылықты баса айтқан.

Сондай-ақ П. Редди пандемияның жақын арада аяқталуына үміт білдіріп, Қазақстан Елшісін 2021 жылғы 6 ақпанда өткізілетін елдің Ұлттық күнін атап өту үшін Жаңа Зеландияға шақырды.



Жоғары қарай