Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Францияға өңделген өнімді көбірек жеткізе бастады

2021 жылдың 7 мамыр 2021 15:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Франция арасындағы сауда көлемі туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия шектеулеріне қарамастан, екі ел арасындағы өңделген өнімнің айналымы 2020 жылы 24% өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан Францияға экспортталатын өңделген тауарлар көлемі 14%-ға (254 млн. АҚШ доллары) артты. Бұл тараптардың қосымша құны жоғары өнімдермен сауда жасауға деген өзара қызығушылығын білдіреді» делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Парижде қазақстандық тауарлардың таныстырылымы өткені хабарланған болатын.

QazTrade Франциядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Advantage Group ұйымдастырған Париждегі «Қазақстанда жасалған» онлайн көрмесіне қатысты.

Іс-шарада «SUN-BEE ALTAI» ЖШС мен «Ордабасы құс» ЖШС-ның бал және күркетауық, AGF-Group компаниясының үй тоқыма бұйымдары, ZD Flex компаниясының малға арналған белгілері мен төрт түліктен қан алу жүйелері ұсынылды.


Жоғары қарай