Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қазақстан халқына» қорына 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 22:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорына 16-27 қаңтар аралығында 52 млрд теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

«2022 жылғы 16-27 қаңтар аралығында Қорға 52 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша қаражатын шоғырландырады деп жоспарлануда. Біздің болжамды есептеулерімізде шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражаттың түсуі көзделмеген. Біз қазақстандық ірі кәсіпорындар мен олардың акционерлеріне қайырымдылыққа елеулі үлес қосқаны үшін алғысымызды білдіреміз» делінген аталған қордың баспасөз хабарламасында.

26-27 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

- Өтемұратов Болат Жәмитұлы - 10 млрд теңге;

- «РАМС-КАЗАХСТАН» ЖШС – 300 млн теңге.

Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына қайырымдылықты келесі деректемелердің бірі бойынша жүргізуге болады:

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, «ForteBank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, «Bank RBK» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, «First Heartland Jusan Bank» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, «Банк ЦентрКредит» АҚ;

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, «Евразийский банк» АҚ.


Жоғары қарай