Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қазақстан халқына» қорының жұмысына араласпаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 21:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында «Қазақстан халқына» қоры туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына» қорында 20 млрд теңгеден астам қаражат жиналды. Бірақ олигархтар қаражат беруге әлі де асықпай жатқан секілді. Қаражат тұрақты түсіп тұруы үшін оларға қандай шара қолданасыздар? Қордың жұмысы қалай жолға қойылуы керек?», - деп сұрақ қойды тележүргізуші.

«Қазіргі уақытта қордағы қаражат 20 млрд теңгеден асты, шамамен 50 млрд теңгедей түсті. Жеке өзім бұл қордың жұмысына араласпаймын. Оның жетекшісі ретінде бұрынғы Қаржы министрі Болат Жәмішев тағайындалды. Қамқоршылық кеңес бар, оның да құрылымына қатыспаймын. Олар қоғамдық негіздерде жұмыс істейді. Менің міндетім – осы қорға жарналардың түсуін ынталандыру. Меніңше, бұл дабыл анық жеткізілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз сөзінде Президент мұның салық емес, қайырымдылық екенін, дегенмен қандай да бір параметрлер орнату қажеттігін айтты.

«Менің білуімше, Үкімет салық салынатын табысқа 3 процентті белгіледі, бұл өте ірі, айтарлықтай ірі бизнестерге қатысты. «Қазақстан халқына» қоры ауру балаларға, балалар спортын, әсіресе ауылдық жердегі спортты дамытуға, Алматыны қалпына келтіруге, мәдениетті көтеруге және басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі. Оны қамқоршылық кеңес шешеді. (...) Бәрін көмекпен қамту қорға қанша қаражат жиналғанына байланысты болады. Әрі қарай қамқоршылық кеңес шешім қабылдайды», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорына 16-27 қаңтар аралығында 52 млрд теңгеден астам қаржы түскен.


Жоғары қарай